Алматыда сот шешімімен шаруашылық нысан бұзылды

Алматыда заңсыз салынған шаруашылық қосалқы нысан бұзылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысан Нұр Алатау шағынауданындағы Өтегенов көшесі, 15/1 мекенжайында орналасқан.

Нысан иесіне рұқсат құжаттарының толық болмауына байланысты бұған дейін әкімшілік шара қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. 2025 жылғы 21 сәуірде Бостандық аудандық сотына қосалқы нысанды бұзу туралы талап-арыз жолданған. Ал 2024 жылғы 25 тамызда сот басқарманың талап-арызын толық қанағаттандырған, — делінген хабарламада.

Бүгін Алматының әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.