Кевиннің анасы Кетрин Охара өмірден өтті

Не болды?

30 қаңтар күні АҚШ-та америкалық-канадалық танымал актриса, «үйде жалғыз қалғанда» фильмінің жұлдызы Кетрин Охара 71 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Актрисаның неден қайтыс болғаны белгісіз. Сырқаттан көз жұмды деген ақпарат бар. Ол «үйде жалғыз қалғанда» фильміндегі Кевин есімді баланың анасы рөлімен танымал. Кевиннің рөлін сомдаған актер Маколей Калкин желіде қоштасу хатын жариялаған.

Анашым, біз әлі көп уақытты бірге өткіземіз деп ойладым. Сенің жаныңда креслода отырғым келетін. Саған көп нәрсе айтқым келеді. Мен сені жақсы көремін, кейін кездесеміз, – деп жазған.

Оны танымал еткен тағы бір туынды — «Шиттс Крик» (Schitt’s Creek) комедиялық сериалы. 2010-жылдары шыққан бұл сериалда ол басты рөлді сомдаған.

Анықтама

Охара кәсіби мансабын 1970-жылдары туған жері Канадада бастаған. Телебағдарламаларға сценарий де жазған. Сол еңбегі үшін 1982 жылы  алғашқы «Эмми» сыйлығын алды.

Охара «жұмыстан кейін», «битлджус», «үйде жалғыз қалғанда» фильмдерінің алғашқы екі бөлімінде және басқа да көптеген киноларда ойнады. «Рождество алдындағы қорқыныш» пен «Цыпа-цыпа» сияқты танымал анимациялық фильмдегі кейіпкерлерді дауыстаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да