Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Ол ұлттық құраманы үшінші рет басқарады.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлап отыр.

Талғат Байсуфинов 2025 жылғы қазан айында ұлттық құраманың тізгінін қайта қолға алған болатын. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді. Атап айтқанда, отандастарымыз Лихтенштейн құрамасын 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония және Бельгия құрамаларымен 1:1 есебімен тең түсті.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов бұған дейін 2016–2017 және 2020–2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған.

Ол әр жылдары «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) клубтарын жаттықтырған. Сонымен қатар ол Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеген.

Футболшы ретіндегі мансабында «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Экибастузец», «Жетісу» және «Восток» клубтарының намысын қорғады.