Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Қайрат» «Арсеналдан» 2:3 есебімен жеңіліп қалды

Фото: "Қайрат" футбол клубы

Не болды?

Футболдан чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 8-турында алматының «Қайрат» футбол клубы Лондонның «Арсеналымен» ойнады. «Қайрат» қарсыласынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл туралы Qazsport.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Матчтың 2-минутында «Арсеналдың» ойыншысы Гёкерес есеп ашты. Артынша ойын тәртібі бұзылып, төреші пенальти белгіледі. Алматының ойыншысы Жоржиньео 11 метрлік айып добын сәтті тепті. Таразы басы теңесті.

15-минутта Хаверц «Қайраттың» қақпасына гол соқты. Бірінші тайм аяқталар тұста «Арсеналдың» ойыншысы Мартинелли «Қайратқа» тағы бір гол соқты. Матч аяқталар кезде «Қайраттың» ойыншысы Рикардино «Арсеналға» гол соқты.

Тарихи сәт мәресіне жетті

Алматының ұжымы УЕФА чемпиондар лигасының 8-туры аясында Лондонның «Арсеналынан» 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Қайрат — тарихында тұңғыш рет чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан клуб. Алайда ол 1/16 финалға өте алмады.

Жалпы кезең қорытындысы қандай?

  • «Спортиң» 4:1 «Қайрат»
  • «Қайрат» 0:5 «Реал Мадрид»
  • «Қайрат» 0:0 «Пафос»
  • «Интер» 2:1 «Қайрат»
  • «Копенхеген» 3:2 «Қайрат»
  • «Қайрат» 0:1 «Олимпиакос»
  • «Қайрат» 1:4 «Брюгге»
  • «Арсенал» 3:2 «Қайрат»

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматылық «Қайрат» футбол клубы Қазақстанның 2025 жылғы чемпионы болған еді. 

Мақалаға реакция