Талғат Байсуфинов: Францияның қапталдағы шабуылын тоқтату мүмкін болмады

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов баспасөз мәслихатында ең алдымен, қарсылас команданы жеңіспен құттықтайтынын жеткізді.

Финляндия Боснияны жеңіп кетті де, Францияның келесі ойыны қатты қиындап кетті. Сондықтан бізге қарсы матчта олар қолынан келгеннің бәрін жасады. Көп жағдайда қазақстандық футболшылар қобалжып, аяқтағы добынан айырылып жатты. Біз бұл мәселемен жұмыс істеуіміз керек. Маған бұл ойын ауыр тиді. Әлбетте, ірі есеппен жеңілген ешкімге де ұнамайды, – деді бас бапкер Талғат Байсуфинов.

Талғат Байсуфинов футболшылар жаттығуда істеп жүргендерін алаңда көрсете алмағанын баса айтты.