Не болды?
5 ақпан күні Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық реалити-шоуының тұсауы кесіледі. Ол Қытайдың Hunan TV телеарнасы мен Mango TV платформасынан көрсетіледі. Бұл туралы Dimashnews хабарлап отыр.
Мәлімет
Қазақстанда жоба Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.
Шоу 22 күнге созылған түсірілім кезінде халықаралық шығармашылық топ мыңдаған шақырым жол жүрген. Түсірілім Түркістан, Ақмола, Маңғыстау, Алматы облыстары, Алматы мен Астана қалаларында өткен. Сол арқылы Қазақстанның табиғи және мәдени келбетін әлемдік аудиторияға таныстыратын контент дайындаған.
Қазақта «сыйға – сый» деген тамаша бір сөз бар. Қытай тілінде «тоу тау бау» дейді. Кезінде жиырмадан енді асып, үлкен арман қуып жүрген Димашты үлкен сахнаға шақырған кісілер бар еді. Сол секілді мен де артымнан еріп келе жатқан ұл-қыздарға кішкене септігімді тигізе алсам, сол игі, — дейді Димаш Құдайберген.
Ақпарат
Voice Beyond Horizon шоуы — Қазақстан мен Қытай арасындағы шығармашыл ынтымақтастықтың жаңа белесі. Жоба аясында Сербия, Италия, Малайзия, Қырғызстан, Қытай және Қазақстаннан келген өнерпаздар бір сахнада өнер көрсетеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, халық әртісі Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағайындалған еді.
