Қазақстанның курорттық аймақтарында жаңа әуежай салынады

Қазақстанда 15 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылады. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.

Нұрлан Сауранбаев туристік дестинациялардың көлікке қолжетімдігін арттыру және азаматтардың ел ішіндегі танымал бағыттарға тез жетуін қамтамасыз ету іс-шаралары туралы баяндады.

2026 жылы Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлардың құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Арқалық әуежайын қайта қалпына келтіру жұмыстары да жоспарға енгізілген. Әуе қатынасы аясында Вена, Рим және Шанхай бағыттарын қоса алғанда, 15 жаңа халықаралық рейс ашылады. Теміржол саласында жолаушылар тасымалын күшейту мақсатында 191 жаңа вагон сатып алынады. Жазғы туристік маусымда 13 қосымша теміржол маршруты іске қосылып, бұл 400 мың қосымша жолаушы орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді министр.

Автожол инфрақұрылымын дамыту бағытында Жаңаөзен – Кендірлі және Өскемен – Катонқарағай бағыттарын қоса алғанда, туристік нысандарға апаратын 5 мың шақырым жол жөнделіп жатыр.

Танымал бағыттарға, әсіресе Алакөл көліне ерекше назар аударылып жатыр. Бұл бағытта Астана, Алматы және шығыс өңірлерден сегіз қосымша пойыз қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жол бойындағы сервисті дамыту мақсатында 2026 жылға дейін 50 жаңа сервис нысанын салу көзделген, — деді министр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да