Қазақстан мен Моңғолия арасындағы келісім күшіне енді

Сенат Қазақстан мен Моңғолия арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.

Құжат екі ел азаматтарына зейнетақы тағайындау мен төлеу тәртібін реттеуге, сонымен қатар басқа мемлекет аумағында жинақталған еңбек өтілін есепке алуға мүмкіндік береді.

Сенаттың мәліметінше, заңның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Моңғолия азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету. Келісімнің негізгі ережелері бойынша:

  • нормалар бір елде тұрақты тұрып, екінші елде еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады;

  • зейнетақы азаматтың тұрғылықты мемлекетінің заңнамасына сай тағайындалып, төленеді;

  • зейнетақы құқығын айқындау кезінде еңбек (сақтандыру) өтілі өзара есепке алынады;

  • дербес деректерді қорғау және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы қамтамасыз етіледі.