Не болды?
Қазақстанда сейсмикалық қауіп-қатерді төмендету бойынша жаңа талаптар енгізіліп жатыр. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлап отыр.
Мәлімет
Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мынадай бес шара енеді:
- жер сілкінген кезде ғимаратты шайқалудан қорғайтын немесе шайқалу мөлшерін азайтатын құрылыс жүйесін (сейсмооқшаулаушы жүйені) пайдалану;
- құрылыстың барлық кезеңінде болуы алуы мүмкін сейсмикалық қауіпке алдын ала баға беру;
- ғимараттағы конструктивтік жүйелердің (негізгі тірек бөліктері) сейсмотөзімділігін арнайы зертханалық және техникалық сынақтар арқылы тексеру;
- аймақтардағы барлық үй мен қоғамдық нысан туралы ақпарат жинап, олардың сейсмотөзімділік деңгейін арнайы құжатта көрсету (бұл төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді);
- I деңгейдегі жауапкершілікке жататын объектілерге (мектеп, аурухана, стратегиялық объект) инженерлік-сейсмометриялық станциялар (жер сілкінісін өлшейтін арнайы құрылғылар) орнату;
- сейсмикалық факторларды ескере отырып, құрылысқа ең қауіпсіз алаңдарды таңдау.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматы тұрғындары жер сілкінгенде не істегені туралы жазған едік.
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл неге қосылмағанына ТЖД жауап берді.
