Ұлттық құрылтайда кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру талқыланды

Бүгін Ұлттық құрылтайдың V отырысында кәсіпкерлерге жеңілдетілген кредит беру мәселесі талқыланды.

Депутат Нұртай Сабильянов қазіргі кезде кәсіпкерлік кредиттердің 20–25% мөлшерлемемен берілетінін айтып, бұл бизнесті дамытуға кедергі келтіретінін атап өтті.

Кәсіпкерлер үшін бұл қолайсыз, сондықтан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие жүйесін енгізу керек. Бұны даму институттары мен банктердің қаражатын үйлестіру арқылы жүзеге асыруға болады, – деді Нұртай Сабильянов.

Сонымен қатар депутат мемлекет тарапынан бөлінетін қаражаттың тиімдігін цифрлық платформа арқылы бақылау қажет екенін айтты.

Оның сөзіне қарағанда, бизнесті қолдау мемлекетке қайтарым беруге тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да