Президент: Қызылорданың тарихи мән-маңызы айрықша

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында қала тарихи тұрғыдан ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Ұлттық құрылтай бес рет шақырылды. Оның алғашқысы Ұлытауда, екіншісі Түркістанда, үшіншісі Атырауда, ал былтыр Көкшетауда өтті. Ал қазір біз қастерлі Қызылорда жерінде бас қосып отырмыз. Бұл халқымыз үшін орны ерекше аймақ. «Сыр алаштың анасы» деген аталы сөз бар, – деді мемлекет басшысы.

Президент Қызылорда аймағындағы Шірік-Рабат, Жанкент, Алтынасар, Баршынкент қалаларының ежелгі дәуірде қазақ жерінде дамыған қала өркениетінің үлгісі болғанын атап өтті.

Қызылорда сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы. Оның тарихи мән-маңызы айрықша. Бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болған бұл қалада еліміздің болашағына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданған, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.