Енді кәсіпкерлерге бөліп төлеу жеңілдейді

2026 жылдан бастап кәсіпкерлерге салық берешегін өтеуде жеңілдік беріледі. Бұл туралы үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты.

Жаңа салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, егер салық төлеушінің берешегі 1,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни шамамен 6,5 миллион теңгеден аспаса, оны бір жылға дейін кейінге қалдыруға немесе 12 ай ішінде бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі. Бұл үшін кепілге мүлік қою немесе банктен кепілдік алу талап етілмейді.

Министрдің айтуынша, бұл шаралар кәсіпкерлер үшін бюрократиялық кедергілерді азайтып, кепілді бағалау мен сақтандыруға кететін шығындарды болдырмайды, сонымен қатар бөліп төлеуді рәсімдеу мерзімін едәуір қысқартады.

Сонымен қатар көлденең мониториңге қатысатын салық төлеушілерге де 12 айға дейін кепілсіз және кепілдіксіз бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылады.

Бұдан бөлек, отандық өндірушілер үшін өнім өндіруге арналған тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын бір жылға дейін кейінге қалдыру тетігі қарастырылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да