Иманбек «Құрмет», ал Еркебұлан Тоқтар «Еңбек сіңірген қайраткер» атағын алды

Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі саласын дамытуға үлес қосқан азаматтар марапатталған. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізде болмағандықтан, наградасын енді алып жатыр. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлжелідегі парақшасын жазып отыр.

«Құрмет» орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грәмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақ музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды. Ал актер Еркебұлан Тоқтарға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді, — деп жазды Балаева.

Еркебұлан Тоқтар
Фото: Аида Балаеваның Facebook парақшасы

Естеріңізге салайық, 17 жастағы футболшы Дастан Сәтбаев «Дарын» сыйлығын алды.

Тоқаев боксшы Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да