Имaнбек тағы да «Грәмми» сыйлығына ұсынылды

Не болды?

Қазақстандық саунд-продюсер Иманбек Зейкенов бұл жолы Latin Grammy Awards-тың биылғы номинанты болды. Бұл туралы Grammy awards хабарлап отыр.

Мәлімет

Иманбек 2021 жылы «Грәмми» бас сыйлығын алған еді. Биыл Латынның «Грәмми» сыйлығында «Best Latin Electronic Music Performance» («Латиноамерикалық электрон музыкадағы үздік орындау») номинациясына аргентиналық әнші Taichu-пен бірге таласады.

Дует туралы

2024 жылғы қазанда Иманбек Taichu-мен бірге «Ella Quiere Techno» деген трек жазып шығарды. Әлемдегі музыкалық басылымдар бұл туындыда техно жанры латынамерикалық эстетикамен, түнгі мәдениетпен және испан тіліндегі вокалмен үйлескенін жазып жатты.

Электрон музыка бағытында Иманбек пен Taichu-дың бәсекелестері мына әртістер:

  • Elena Rose & Sistek – «Orión»;

  • Ela Minus – «Qqqq»;

  • Mr.Pauer, Villa Electronica & Dj Polin – «Rulay En Dubai (Extended)»;

  • Rawayana – «Veneka».

Біз 26-шы жыл сайынғы Latin Grammy жүлдесінің номинанттарын қуана жариялап отырмыз. Әлемде латиноамерикалық музыканың ықпалы артып келеді. Барлық үміткер оның байлығын ерекше жеткізген, – деді Latin Recording Academy бас директоры Мануел Абуд.

Жеңімпаздар есімі 13 қарашада жарияланады.

Анықтама

Latin Grammy Awards — латиноамерикалық өнер және дыбыс жазу академиясының испан және португал тілдеріндегі музыкалық туындылар үшін берілетін жүлде.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да