Президент ЕЭКА төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдап, отырысқа дайындық жайын сұрады.
🟦

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.🟦

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды, — делінген ақпаратта.
🟦

Сағынтаев президентке биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қалай дайындалып жатқанынан ақпарат берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да