Алматы әуежайында нәрестелерді әкетпек болған шетел азаматтары ұсталды

Алматы әуежайында нәрестелерді елден әкетпек болған шетел азаматтары ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлап отыр.

Шетел азаматтары суррогат аналар босанған сәбилерді алып, Қазақстаннан шығуға тырысқан.

Бұл факт бойынша Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандарды саудаға салу) бойынша қылмыстық іс қозғады, – делінген хабарламада.

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да