Қазақстан СІМ Украинаның КҚК-ға шабуылын айыптады

Қазақстан сырқы істер министрлігі Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына жасалған шабуылға байланысты Украинаға наразылық білдірді.

Бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акті болып отыр. Жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстан энергия ресурстарын тұрақты әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше мән береді. Каспий құбыр консорциумы әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын сақтауда айрықша орын алатынын атап өтеміз, – деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қарашада Новороссийск портындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз инфрақұрылымына Украинаның пилотсыз жүзу құралдары шабуыл жасады. Шабуылдан ВПУ-2 айлақ құрылғысы зақымданып, жұмысы тоқтаған.

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) – Каспий теңізі маңындағы мұнайды халықаралық нарыққа экспорттауға арналған ірі мұнай тасымалдау жобасы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да