Бас прокуратура Ербаян Мұхтардың ісін бақылауына алды

Бас прокуратура Ербаян Мұхтардың ісін бақылауына алды. Бұл туралы Ербаян Мұхтардың адвокаты Инга Иманбай хабарлап отыр.

Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр. Енді біз Ербаян Мұхтардың ісінде әділдік орнайтынына, ал Ербаянды осы күнге жеткізген кінәлі адамдардың жауапқа тартылатынына сенеміз, – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ербаян Мұхтар 2023 жылғы желтоқсанда әскердегі әжетханада жұмбақ жағдайда басы жарылып, комаға түскен.

Ол төрт айдай ес-түссіз комада жатып, 2024 жылғы мамырда оянған.

Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 әскери бөлімі «сарбаз әжетханада құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Алайда Ербаян Мұхтардың ата-анасы бұл мәлімдемеге сенбейді.