Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алғабастағы өрттен аман қалған 7 жасар қыз қайтыс болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алғабастағы өрттен аман қалған 7 жасар қыз қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.

2025 жылғы 30 қарашада Жетісай ауданында болған өрттен кейін өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы науқас көз жұмды. Орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымынан пациентті аман алып қалу мүмкін болмады, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылында екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам мерт болған. Олардың тоғызы – бала. Өрттен 3 адам аман қалған. Қазір екі адам емделіп жатыр.