Төтенше жағдайлар департаменті Үлкен Алматы көліне жету үшін құбырмен жүретін туристерге қатаң ескерту жасады.
Үлкен Алматы көлі жолында кей турист жолды қысқартпақ болып, құбырдың үстімен жүреді. Алайда бұл – қыста өте қауіпті іс-әрекет. Құбыр адамдардың жүруіне арналмаған – беті тайғақ, еңіс және кей жері зақымданған. Құбырдың жанында қауіпсіз баспалдақ бар, – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, қыста тәулігіне 2-3 рет осындай құқықбұзу тіркеледі. Құтқару қызметі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырған.
