Қазақстан дзюдошысы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінде қола медаль алды.
Қола медаль үшін өткен белдесуде Әбиба Әбужақынова Испания спортшысы Ева Перес Солерден басым түскен. Осылай, Қазақстан спортшысы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер болды.
Әбиба Әбужақынова 2024 жылғы Олимпиада ойындарында бесінші орынға тұрақтаған. Ол – Қазақстан тарихында әйелдер арасында дзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан тұңғыш спортшы.
