Астана тұрғын үйлеріне жаңа коммуналдық қызмет енеді

Не болды?

Астана әкімдігі жаңа коммуналдық қызмет ережелерін бекітті. Енді көпқабатты тұрғын үйлердегі лифтіні жөндеу, ауыстыру, күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты пәтер және коммерциялық нысан иелеріне шыққан шығын қайтарылуы керек. Құжат көпшілік талқылауына ұсынылды.

Мәлімет

Құжатта алғаш рет:

  • лифтілерді жөндеу және ауыстыру;
  • көпқабатты үйдің ортақ мүлкін күрделі жөндеу;
  • инженерлік жүйелерді жаңарту шығынын өтеуге мүмкіндік беретін қаражатты қайтару механизмі нақты көрсетілген.

Жаңа коммуналдық қызметтің мақсаты — тұрғын үйлердегі қаржылық процестерді ашық жүргізу және пәтер иелеріне артылатын жүктемені азайту.

Қаражат шығын расталып, жөндеп біткеннен кейін ғана қайтарылады.