Астанада тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір адам қаза болды

Астанада тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір қызметкер қаза болды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.

Тағы екеуі жарақат алды. Оқиға Төлебаев көшесіндегі тұрғын үйде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстары кезінде лифт кабинасы құлаған.

Бір лифт компаниясының қызметкері оқиға орнында қаза болды. Екі адам №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Біреуінің жағдайы ауыр, екіншісі орташа ауыр деңгейде. Екеуіне де барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр, — деді дәрігерлер.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, адам өліміне әкеп соғу») бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да