Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Сонымен қатар Қазақстан президенті мен Армения премьер-министрінің қатысуымен ресми делегация мүшелері төмендегідей үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:
1. Қазақстан Республикасы үкіметі мен Армения Республикасы үкіметі арасындағы құпия мәліметтерді беру, қолдану, қорғау және сақтау туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы үкіметі мен Армения Республикасы үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы және Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салуға арналған жер телімдерін бөлу туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасы үкіметі мен Армения Республикасы үкіметі арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы;
4. Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Армения Республикасы аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрландыру министрлігі мен Армения Республикасы жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
6. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі мен Армения Республикасы экономика министрлігі арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда-саттығы жөніндегі ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі мен Армения Республикасы сырты істер министрлігі арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;
8. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі мен Армения Республикасы денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 2026-2027 жылдарға арналған негізгі шаралар жоспары;
9. Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Арменияның сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы Қазақстан-Армения іскерлік кеңесін құру туралы келісім;
10. «Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Арменияның ұлттық кітапханасы» мемлекеттік коммерциялық емес ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ пен Арменияның кино қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
12. Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының ұлттық өнер музейі мен «Арменияның ұлттық галереясы» арнайы ғылыми-зерттеу бірлестігінің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
13. Қазақстан Республикасы атом энергиясы агенттігі мен Армения Республикасы аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
14. Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі мен Армения Республикасы білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы ғылым және жоғары білім саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
15. Қазақстан Республикасының президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен Армения Республикасының сыртқы істер министрлігі дипломатия мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
