Қазақстан мен Армения арасында тікелей әуе рейсі қайта ашылуы мүмкін

Қазақстан мен Армения арасында тікелей әуе рейстерін ашу мәселесі қайта көтеріліп жатыр. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

Оның айтуынша, бір кездері Армениямен тікелей әуе қатынасы болған, алайда қазір уақытша тоқтап тұр.

Өйткені Ереван әуежайында қызмет көрсету тарифі өте қымбат. Қазір бір адамға 65 доллар, ал бір тонна әуе керосині 1248 долларға жетеді. Бүгінгі таңда мұны субсидиялау мәселесі қаралып жатыр, — деді Серік Жұманғарин Ақорда кулуарында.

Қазақстандық Scat, Fly Arystan компаниялары әуе рейстерін ашуға дайын, дейді вице-премьер.