Бензин бағасына енгізілген мораторий қашан аяқталады?

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бензин бағасына енгізілген мораторийдің аяқталу мерзімін айтты.

Бұған дейін үкімет АИ-92 бензині мен дизель отынының бөлшек сауда бағасына уақытша мораторий енгізген еді, бірақ нақты мерзімі көрсетілмеген болатын.

Біздің ойымызша, қазіргі мораторий 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Сосын қарастырамыз, – деді Серік Жұманғарин сенаттағы бүгінгі отырыста.

Қазіргі мораторий бойынша бензин бағасы литріне 213–239 теңге, дизель отыны – 317–337 теңге аралығында болуға тиіс. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі күнделікті мониториң жүргізіп, қажет болған жағдайда монополияға қарсы шаралар қабылдайды.