Не болды?
Елімізде қоғамдық орындарда адамның рұқсатынсыз фото-видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеп отыр.
Мәлімет
Журналистер бұл мәселе шенеуніктерді қорғау үшін көтеріліп отырғанын және бұл БАҚ жұмысына кедергі келтіруі мүмкін екенін айтты. Алайда мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуына қарағанда, түсірілімдерге шенеуніктердің еті әлдеқашан үйреніп кеткен.
Көптің алдында жүрген адамдарды, шенеуніктерді онсыз да рұқсатынсыз түсіретіні айдан анық, бірақ біз пранк пен қарапайым адамдарды түсіретін түсірілімдер туралы айтып отырмыз. Алдағы уақытта бұл мәселе талқыланады. Өйткені бұған байланысты жұмыс тобы енді құрылып жатыр. Қаласаңыздар, кімді түсіруге болатынын не болмайтынын түсіну үшін арнайы топқа сіздерді де қосайын, — деді Аида Балаева журналистерге берген жауабында.
