Алматы сахнасында «Золушка» балеті көрсетіледі

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматыда ҚР мемлекеттік академиялық би театры Сергей Прокофьев музыкасына қойылған «Золушка» балетінің жаңа премьерасын ұсынады.

Қойылымның хореографы – петерборлық балетмейстер, Алматы хореографиялық училищесінің түлегі Екатерина Волкова.

Премьера 1 желтоқсанда Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында, 2 желтоқсанда Almaty Theatre-де өтеді. Биыл спектакльдің «Большой театрдағы» алғашқы көрсетілімінен бері 80 жыл толып отыр, сондықтан ол Алматы сахналарында көптен бері қайта көрсетіліп жатыр.

Қойылым еңбекқорлық, төзімділік және адалдық сияқты құндылықтарды дәріптейді. Көрермендерге Қазақстанның жетекші әртістерімен қатар Жапониядан шақырылған солист Минами Ватанабэ өнер көрсетеді. Премьерада Золушка рөлін бірінші күні Минами Ватанабэ, ал екінші күні Сымбат Мақсұт орындайды.

Көрермендер классикалық мұра мен заманауи көркемдік шешімдердің үйлесімін, музыка мен хореографияның шеберлігін тамашалай алады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да