Лувр 2026 жылға дейін бейнебақылауды 3 есе күшейтеді

Лувр музейінің директоры Лоранс де Кар 2026 жыл соңына дейін музей аумағына қосымша 100 бейнебақылау камерасы орнатылатынын мәлімдеп отыр.

Бұл туралы ВВС хабарлап отыр.

BFM телеарнасының дерегінше, камералар орнату — Лувр басшылығы ұрлық оқиғасынан кейін жариялаған қауіпсіздікті күшейтуге арналған 20 тармақтан тұратын бағдарлама аясында іске асырылатын шара.

Бағдарламада қарастырылған шаралар:
  • Лувр аумағында полиция бекеті ашылады;

  • Музей ішінде қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші лауазымы енгізіледі;

  • Бейнебақылау жүйесі толық жаңартылады.

Етеріңізге салайық, 19 қазан күні таңертең Луврда ірі ұрлық жасалып, қылмыскерлер жеті минут ішінде 88 миллион еуроға бағаланатын зергерлік бұйымдар мен асыл тастарды алып кеткен. Бір аптадан кейін бірнеше күдікті ұсталды.

Оқиғадан кейін музейдің қауіпсіздік жүйесіндегі кемшіліктер анықталды: залдардың шамамен үштен бірінде камера болмаған, бар дабыл жүйесі іске қосылмаған.

Тонаудан кейін бір айдан соң екі бельгиялық блогер Луврдың күзет жүйесін қайта айналып өтіп, қауіпсіздік әлсіздігін тағы да көрсеткен.