Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшы әйел астық қоймасына құлауы салдарынан қаза болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.
19 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің аумағында астық қоймасына құлап кеткен 34 жастағы жұмысшы әйел қаза болды, — делінген хабарламада.
Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізіліп жатыр.
