Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда студенттерге цифрлық қауіпсіздік бойынша сабақтар өтіп жатыр

Фото: Алматы бойынша ЭТТД
Алматы бойынша ЭТТД жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған цифрлық қауіпсіздік бойынша кең көлемді сабақтар сериясын өткізіп жатыр.

Бұл туралы Алматы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шара «Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында 12–27 қараша аралығында ұйымдастырылды.

Дәрістер қаланың барлық жетекші ЖОО-ларында интерактивті форматта өтіп жатыр. Сабақ барысында студенттерге цифрлық алаяқтықтан қорғанудың жаңа тәсілдері, мобильді құрылғылар мен онлайн-сервистерді пайдалану кезіндегі қауіп-қатерлердің алдын алу жолдары түсіндіріледі.

студенттер
Фото: Алматы бойынша ЭТТД
Кибергигиенаға ерекше назар аударылып жатыр:
  • смартфонды кибершабуылдардан қорғау әдістері;

  • фишингтік сілтемелер мен қауіпті қосымшаларды анықтау;

  • жеке деректерді тиімді қорғау жолдары.

Сонымен қатар департамент қызметкерлері дипфейк технологияларының қауіптері туралы айтып, жеке цифрлық қауіпсіздікті сақтау жөнінде практикалық кеңестер беріп жатыр.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Мақалаға реакция