Қазақстанда заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның бірқатар өңірінде заңсыз қару айналымына тосқауыл қойды. Бұл туралы ҰҚК хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы қазан айында ҰҚК, полиция органдары және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары өткізілді.

Нәтижесінде 40 бірлік қару-жарақ тәркіленді, оның ішінде:

  • жаяу әскерлік отшашар,

  • төрт Калашников автоматы,

  • 12 тапанша,

  • 23 мылтық,

  • бес граната,

  • және 800-ден астам оқ-дәрі бар.

Қазір аталған деректер бойынша жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҰҚК қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.

ҰҚК қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жұмысты жалғастырып жатыр, – делінген хабарламада.