Ресей қырғыздың 3 депутатын еліне кіргізбейді

Не болды?

Қырғызстан парламентінің үш депутаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң жобасын Жоғорку кеңешке ұсынған. Ресей бұл депутаттарға ел аумағына кіруге тыйым салды. Бұл туралы Sosedi Asia телеграм-арнасы хабарлап отыр.

Мәлімет

Ресейге кіруге Жанар Ақаев, Мирлан Самыйқожо және Шолпон Сұлтанбековаға тыйым салынды.

Бұған өңірде русофобия тарату, сонымен бірге тарихты бұрмалауға бағытталған нақты заң жобасын ұсыну себеп болды, – делінген телеграм-арна мәліметінде.

Жоғарку Кеңеш саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң жобасын  бір жыл бұрын қабылдаған. Құжат 1918-1953 жылдар аралығында саяси және діни көзқарасы үшін қуғынға ұшыраған азаматтарды ақтауды көздейді.

Бастамашылар Қырғызстан Республикасы аумағында 1961 жылға дейін қолданылған 1922 және 1926 жылдардағы РКФСР Қылмыстық кодексі бойынша сотталғандарды ақтайтын бап қосуды ұсынды.

Қырғызстанда саяси қуғынға ұшыраған 18 мың адам бар.

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллион архив картасының құпиясы ашылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да