111 мың өрмекші. Әлемдегі ең үлкен өрмек торы табылды

Не болды?

Грекия мен Албания шекарасында орналасқан Сулфур күкірт үңгірінде ғалымдар әлемдегі ең ірі өрмек торын тапты. Бұл туралы LiveScience хабарлап отыр.

Мәлімет

Тордың жалпы ауданы – 106 шаршы метр. Биолог, Sapientia мажар университетінің қызметкері Иштван Юрактың айтуына қарағанда, бұл тор – мыңдаған жеке өрмектерден құралған үлкен «жамау көрпеге» ұқсайды.

Бұл — Tegenaria domestica (үй өрмекшісі) мен Prinerigone vagans түрлерінің бірлесе жасаған жұмысы. Әдетте, табиғи ортада бұл екі түр бір-бірімен бәсекелесіп, ортақ тор құрмайды, — дейді Иштван Юрак.

Зерттеушілердің айтуына қарағанда, үңгірде шамамен 69 мың үй өрмекшісі мен 42 мыңнан астам Prinerigone vagans тіршілік етеді. Екі түр де шыбын аулайды.