Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«ҚазАвтоЖол» 8 облыста көктайғақ болатынын ескертті

Фото Depositphotos.com
Қазақстанның сегіз облысындағы тасжолда көктайғақ болады. «ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне ескерту жасады.

Бүгін, 6 қарашада Ақмола, СҚО, ШҚО, Қостанай, Жетісу, Қарағанды, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтіліп жатыр.

Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, –делінген хабарламада.

Мақалаға реакция