Астанада мас адам лифт есігін сындырып, шахтаға құлап кетті

Астанада ер адам лифт есігін теуіп сындырып, шахтаға құлап түсті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

ТЖД мәліметінше, оқиға 4 қараша күні сағат 05:11-де Нұра ауданындағы Сығанақ көшесі, 32-үйде болған. «112» пультіне тұрғын үй кешенінің лифтінде адамның қалып қойғаны және зардап шеккен болуы мүмкін деген хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының мамандары қол құралдарының көмегімен лифт есігін ашып, 1994 жылғы туған ер адамды сыртқа шығарған. Құтқарушылар лифт қызметі өкілдерімен бірге 1987 жылғы туған тағы бір ер адамды шахтадан көтеріп шығарды. Ол медициналық қызметке тапсырылды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның мас күйінде болып, лифт есігін теуіп сындырғаны анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да