Не болды?
Белгілі актер, продюсер Рүстем Омаров Жеки Чанның «Құдай сауыты: Ультиматум» фильміне түседі. Әрі осы жобаның сценарисі болмақ. Бұл туралы ол Threds-те мәлімдеді.
Мәлімет
Мен бақыттымын. Балалық шағымның кумирі жеки Чанмен бірге түсемін, – деп жазды актер.
Естеріңізге салайық, биылғы күзде Жеки Чан Қазақстанға келіп, Salem Social Media агенттік өкілдерімен кездескен еді. Кейін «Құдай сауыты» фильмінің төртінші бөлімі Қазақстанда түсірілетіні белгілі болды.
Жаңа фильм режиссеры Роберт Кун болады. Фильм келер жылғы көтемде түсіріле бастайды.
