Salem Entertainment қабырғасында әлемдік кинематография аңызы – актер, сценарист, режиссер және продюсер Жеки Чанмен жұмыс кездесуі өтті.
Бұл туралы Salem Entertainment хабарлап отыр.
Компания мәліметінше, тараптар ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кіріскен. Алматыда болған уақытында актер командамен бірге алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдады.
Алматыда түсірілім алаңдарын таңдадым. Көрсеткен қонақжайлылығы үшін Salem Entertainment-ке алғыс айтамын, — деп жазды Жеки Чан өзінің ресми парақшасында.
Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсіріледі.
Толығырақ мәліметті әзірге құпия сақтаймыз. Бірақ сеніңіздер, алда сіздерді ғаламат жаңалықтар күтіп тұр. Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар, ең қызығы әлі алда, – делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше Жеки Чан Алматыға келгені хабарланған болатын.
