Көктайғақта не істеу керек? Сақтану ережелері

Еліміздің біршама аймағында қар жауып, көктайғақ басталды. Бүгін Астанада көктайғақтан автокөлік тұрғын үйге соғылған еді. Baribar.kz GOV.kz ақпаратына сүйеніп, көктайғақта көлік айдаған адам мен жаяу адам қалай сақтануы керек екенін ұсынады.

Жаяу адамға кеңес

  • Күн райына қарай, өкшесі жоқ немесе өкшесі жалпақ әрі аласа аяқ киім кию керек. Табаны тайғанамайтын аяқ киім дайындаңыз. Өкшесіне металл өкшелерді немесе поролон бекітіңіз. Ал аяқ киім табанына жабысқақ пластырь немесе оқшаулағыш таспа жабыстырыңыз, құммен (зімпара қағазымен) сүртуге де болады.
  • Табанды түгел басып, ақырын қозғалыңыз. Аяқ бостау, қол еркін болуы керек. Егде жастағы адамға ұшы резеңке таяқ немесе тікенегі бар арнайы таяқ ұстауды ұсынамыз.
  • Мұзды айналып өте алмасаңыз, аяқты жерден көтермей, қысқа адымдап (шаңғышы сияқты) жүріңіз. Асықпаңыз. Ғимарат қабырғасына таяу жүрген қауіпті. Өйткені құлағанда қабырғаға соғылуыңыз мүмкін.
  • Құлап бара жатқанда иекті кеудеге тартып, қолмен құламауға тырысыңыз. Құлауға шақ қалғаныңызды түсінсеңіз, түгел денемен құламас үшін, отырып үлгеріңіз. Баспен түспес үшін мойын бұлшық етін қатайтыңыз.
  • Құлағаннан кейін, жатып, оймен бүкіл денеңізді шолып шығыңыз. Орныңыздан атып тұруға тырыспаңыз. Жаныңыздағылар да бірден тұрғызып алмасын. Ақырын тұрыңыз.
  • Көктайғақта электрберіліс желісіне, электр көлігінің байланыс желісі сымына ерекше назар аудару керек. Сынған сым мен тербелетін заттарға (ағашқа) жоламаңыз.

Көлік айдайтындарға кеңес

  • Көлік дөңгелегін қысқысына ауыстырыныз. Көлік терезелері тұманданып кетсе, күн суып кетті деген сөз. Демек, алда тайғақ жол кезігуі мүмкін.
  • Қыста көлік екпінін, тежеуін ​​және бұрылу қарқынын екі-үш есе азайтыңыз. Сонда тайғақ жолда қиынд болмайды.
  • Көлік жүргенде, бұрылғанда немесе тоқтағанда қажет сигнал басуды ұмытпаңыз. Автокөлік арасындағы қауіпсіз ара қашықтықты сақтаңыз.
  • Шина протекторының үні өзгерсе және көлік қозғалмай, «қалқып» тұрғандай сезілсе, бұл мұз жолда кетіп бара жатқаныңызды білдіреді.
  • Тайғақ жолға түссеңіз, рульді жібермеңіз, оны бұра да бермеңіз.
  • Алдыңыздаға көлікті айналып өткенде кенет маневр жасамаңыз.
  • Апат қаупі төнгенде қол тежегіш көмектесуі мүмкін.