Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталды

Астанада ішімдік ішіп, көлік жүргізген судья ұсталды. Бұл туралы елордалық сот ресми түсініктеме берді.

Соттың мәліметінше, судьялар ерекше құқықтық мәртебеге ие болғанымен, олар құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатылмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар ішкі істер министрлігі арқылы бас прокуратураға жолданды. Прокуратура бұл мәселені жоғары сот кеңесінде қарау үшін ұсыныс енгізеді, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, тексеру заң талаптарына сай жүргізіліп жатыр. Сот жүйесі барлық азаматтың заң алдында теңдігі қағидатын ұстанатынын және судья тарапынан заң бұзушылық жазасыз қалмайтынын атап өтті.