Астанада көктайғақтан автокөлік тұрғын үйге соғылды

Астанада көлік жүргізушісі тұрғын үй кешендерінің бірінің ғимаратына соғылды. Елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын баяндады.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Куәгерлер апаттың №111 мектептің маңында болғанын мәлімдеп отыр.

Көлік тұрғын үй кешеніне соғылды, — деп жазылған видеоның астында.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты болғанын растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше жүргізуші ауа райы жағдайын ескермеген.

Тұран даңғылындағы үйдің ауласында Nissan көлігінің жүргізушісі ауа райы жағдайын (көктайғақ) ескермей, рөлді басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Көлік бордюрден өтіп, ғимараттың қаптамасына соғылған, — делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, жол апатынан көліктің жолаушысы жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да