Алматыда қолайсыз ауа райынан бірнеше ауданда жарық өшті

5 қараша күні Алматыда екпінді жел мен сулы қардың салдарынан бірқатар аудандарда электр жарығы уақытша өшті.

Бұл туралы «Алатау жарық компаниясы» АҚ хабарлап отыр.

Электр қуаты төмендегі аудандар мен шағынаудандарда ажыратылды:

  • Бостандық ауданында – Тәуке хан, Жаңару, Ладушкин, Байқоңыр көшелері мен Ерменсай, Бағанашыл, Асқартау шағынаудандары;

  • Әуезов ауданында – Ақсай-5, Достық, Жетісу-2;

  • Наурызбай ауданында – Ақжар, Тастыбұлақ;

  • Алмалы ауданында – Манас, Абай, Әуезов және Жамбыл көшелері.

Компания мәліметінше, ақаулардың себебі – желдің күшеюі мен ылғалды қардың әсерінен электр желілерінің үзілуі және қысқа тұйықталу жағдайлары.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да