Қазақстан ұлттық банкі қазан айындағы валюта нарығының жағдайы туралы мәлімет жариялады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Есеп қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 529,96 теңгеге дейін нығайып, ай ішінде 3,5%-ға өскен.
Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстан қор биржасындағы күнделікті сауда көлемі 248 млн доллардан 271 млн долларға дейін артқан, ал айлық жалпы көлем 6 млрд доллар болды.
Қазан айында ұлттық қордан 660 млн АҚШ доллары сатылған. Бұл қаражат республикалық бюджетке трансферттер бөлу мен «Талдықорған–Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысына бағытталған. Валюта сату үлесі жалпы сауда көлемі 11%, яғни күніне шамамен 30 млн доллар болды.
Ұлттық банк теңгенің бағамы алдағы уақытта нарықтық күтулерге, салық төлемдеріне және әлемдік нарықтағы ахуалға тәуелді болатынын атап өтті. Реттеуші орган икемді бағам саясатын ұстанып, алтын-валюта резервтерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге басымдық беретінін жеткізді.
