Алматыда жер сілкінгені туралы ескерту жібермеген шенеуніктер сотталды

Алматы прокуратурасы 2024 жылғы 23 қаңтарда жер сілкінгенін хабарлап, халыққа алдын ала ескерту жібермеген тұлғаларға сот үкімі шыққанын хабарлап отыр.

Прокуратура мәліметінше, жабдықты қабылдау кезінде немқұрайлы болған Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш орынбасары сотталған. Алайда олардың нақты қандай жаза алғаны жария етілмеді.

Тергеу барысында TNS-INTEC ЖШС бас директоры жеке пайда табу үшін сапасыз жабдық жеткізіп, орындалған жұмыстардың жалған актілерін рәсімдегені анықталған. Осылайша ол аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған.

Іс материалдарына сәйкес, төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын табиғи апат туралы хабардар етуге арналған автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесін сатып алған. Алайда 2024 жылғы 23 қаңтардағы күшті жер сілкінгенде бұл жүйе жұмыс істемей, халыққа ескерту жіберілмеген.

Оқиға президент пен бас прокуратураның бақылауына алынып, кінәлілерді жауапқа тарту тапсырылған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да