Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанованың «балаларын блоктап тастаған» деген сөзіне қатысты пікір айтты.
Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін. Балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!, – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
Айта кетейік, жақында продюсер Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын айтқан еді.
Арамызда ештеңе қалған жоқ. Қазір балалар көп жылайды, сағынады. Фотоға түсіп, әкеме жібер деп жатады. Әкесіне фото қызық емес. Фото жібере алмаймыз, себебі бәріміз блоктамыз, – деген болатын Мөлдір Мұқанова.
