Алматыда анасын өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды

Алматының Бостандық ауданында ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.

Күдікті 41 жаста, ол дәрігер есебінде тұрған.

Күдікті – психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған, марқұмның 41 жастағы ұлы ұсталды. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Кісі өлтіру дерегі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.