Шардарада әкесін ұрған ер адам мен оның әйеліне қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамға қылмыстық іс қозғалды, оның әйелі де жауапқа тартылады.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты полиция «Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғаған.

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ол соттың санкциясымен қамауда отыр. Сонымен қатар әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Шардара ауданында ер адам қарт әкесін аяусыз соққыға жықты. Жантүршігерлік оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да