Не болды?
26 қазан күні Алматыда ел чемпионатын қорытындылайтын соңғы ойын өтті. «Қайрат» пен «Астана» арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Алматылық клуб Қазақстанның 2025 жылғы чемпионы болды. Бұл туралы «Қайрат» ФК хабарлап отыр.
Мәлімет
Матчтың алғашқы бөлігінде «Астана» шабуылшысы Марин Томасов есеп ашты. Екінші таймда Дастан Сәтпаевтың голының арқасында таразы теңесті. Осы есеп кездесу соңына дейін сақталды. «Қайрат» чемпион атанды.
«Қайрaт» осы 26 ойыннан кейін 59 ұпай жинап, маусымды бірінші орында аяқтады. Ал «Астана» 57 ұпаймен екінші сатыда. Чемпионаттың үздік үштігін 54 ұпаймен «Тобыл» түйіндеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, жақында ғана «Қайрат» клубының негізгі қақпашысы Александр Заруцкий жарақаттан кейін айығып, жаттығуға қайта кіріскен еді.
