Чемпиондар ордасы бұқаралық спортты қалай насихаттап жүр?

Кейінгі жылдары әлемдік жарыстардан жүлделі қайтқан жас спортшының көбі Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті не түлегі. Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов, әлем және Азия чемпиондары Мұхтархан Ділдәбеков пен Ақжүрек Таңатаров сияқты спортшылар түлеп ұшқан университет үшін бұл әрі мақтаныш, әрі қалыпты жағдай.

Ай сайын бірнеше чемпионның жетістігін желіде жариялап, құттықтап жатқанда «Ясауи университеті чемпиондар дайындайтын оқу орны ма, әлде чемпиондар осы универді таңдап, білім ала ма?» деген сұрақ туады.

«Чемпиондарды университет дайындай ма, әлде чемпиондар университетті таңдай ма?» деген сұраққа «Екеуі де рас» деп жауап берер едім. Себебі Ясауи университетінде спортты дамытуға барлық мүмкіндік бар, – дейді университеттің медиа және PR орталығының басшысы Гүлдана Қазтай.

Гүлдана Қазтай
Гүлдана Қазтай. Фотоны өзі ұсынды

Оның айтуынша, Ясауи университеті спортшыларды барынша қолдап келеді. Оқу орнында заманауи спорт залдары, стадиондар, футбол, волейбол, баскетбол алаңдары бар. Мұнда 20-дан астам спорт үйірмесі істейді, әрқайсында кәсіби жаттықтырушылар дәріс береді. Халықаралық жарыстарда жүлде алған студенттерге университет арнайы сыйақы да береді.

Әлемдік, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылардың көбі – біздің студенттер, магистранттар. Сондықтан сайтымызда, желіде спорт тақырыбы жиі қозғалады. Ел атын қорғап жүрген спортшы біздің студентіміз болса, оны неге мақтан етпеске?! – дейді Гүлдана Қазтай.

Медиа және PR бөлімі тек чемпиондардың жетістігін насихаттаумен емес, бұқаралық спортты дамытуға да назар аударады. Спорт тақырыбындағы жаңалықтарды университет аудиториясына ғана емес, ата-аналар мен болашақ талапкерлерге де жеткізуге тырысады. Мұны салауатты өмір салтын дәріптеудің ең тиімді жолы деп біледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да