«Қайраттың» қақпашысы Александр Заруцкий жаттығуға кірісті

Не болды?

«Қайрат» футбол клубының негізгі қақпашысы Александр Заруцкий жарақатынан толық айықты. Қайтадан жаттығуға қосылды. Бұл туралы футбол клубының ресми парақшасы хабарлап отыр.

Мәлімет

Заруцкий тамыз айында чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі матчта жарақат алды. Оның орнын Темірлан Анарбеков басты. Алайда біраз уақыттан кейін Анарбековтің өзі де жарақат алып, қақпаға 18 жастағы Шерхан Қалмырза шықты.

Маусым барысында «Қайраттың» үш бірдей қақпашысы алаңға шығып, жанкүйерлер ықыласына бөленіп үлгерді.

Контекст

Естеріңізге салайық, 21 қазан күні Алматыда чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матч өтті. «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары 0:0 есебімен тең түсті.